16.09.2011, 10:30 4075

Қазақстан мен Ресей бірқатар келісім шарттарға қол қойды

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, Қазақстан мен Ресейдің VIII Өңіраралық ынтымақтастық форумының қорытындысы бойынша бірқатар келісімдерге қол қойылған.

Астана. 16-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Ресей бірқатар келісім шарттарға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, Қазақстан мен Ресейдің VIII Өңіраралық ынтымақтастық форумының қорытындысы бойынша бірқатар келісімдерге қол қойылған.

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков пен Ресей федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрі Юрий Трутнев Ерекше қорғалатын "Алтай" табиғи аумағын құру туралы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметінің арасындағы келісімге қол қойды.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 2012-2017 жылдарға арналған аймақаралық және шекаралық ынтымақтастығының бағдарламасына РФ Аймақтық даму министрі Виктор Басаргин мен ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов қол қойды.

ҚР мен РФ үкіметтері арасындағы ресейлік-қазақстандық мемлекеттік шекара арқылы өтудің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы Келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттамаға ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры - төраға орынбасары Нұржан Мырзалиев пен РФ Мемлекеттік шекараны абаттандыру жөніндегі агенттік төрағасы Дмитрий Безделов қол қойды.

Сондай-ақ, Форум барысында Қазақстан мен Ресей Президенттері ресейлік "Сколково" инновациялық орталығы мен Қазақстанның инновациялық-технологиялық паркінің арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге келісті.

Біз "Байқоңыр" ғарыш айлағы бойынша одан әрі ықпалдастық жасау, біздің елдер арасындағы мұнайгаз ынтымақтастығы, ресейлік "Сколково" инновациялық орталығы мен Қазақстанның инновациялық-технологиялық паркі арасында ықпалдастықты тереңдету туралы сөйлестік. Сонымен қатар әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері де әңгімеге арқау болды", - деп атап өтті Мемлекет басшысы форумның қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны