31.10.2007, 10:49 2834

Қазақстан мен Ресей экономикадағы жетістіктерге екі елдің арасындағы ынтымақтастықтардың арқасында қол жеткізілген

Қазақстан мен Ресей экономикадағы жетістіктерге екі елдің арасындағы ынтымақтастықтардың арқасында қол жеткізген.

Астана. 31-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Ресейдің экономикалық және саяси реформалар жолындағы жетістіктерге екі ел арасындағы тығыз ынтыматастықтың арқасында қол жеткен. Мұндай пікірін кеше Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынас орнауының 15 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияның ашылуы барысында Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Марат Тәжин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан мен Ресейдің осы уақыт ішінде жүріп өткен экономикалық және саяси реформаның күрделі жолы тығыз ынтымақтастық арқасында айтарлықтай жетісті болды",- деді министр.

"Қазақстан мен Ресей жоғарғы сенім деңгейін, екі елдің халықтары арасындағы тату көршілестік пен достастықты нығайтуға ұмтылысты алға ұстанып, тату көршілер мен тең құқылы серіктестер ретінде болашаққа сеніммен жылжуда",- деп қосты М. Тәжин.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны