11.09.2009, 16:04 2866

Қазақстан мен Ресей энергетика, кедендік бақылау және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойды

Қазақстан мен Ресей энергетика, кедендік бақылау және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойды

Алматы. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Ресей энергетика, кедендік бақылау және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойды. Құжаттарға қол қою рәсімі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Дмитрий Медведевтің қатысуымен Орынборда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы кезінде өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.

ИТАР-ТАСС мәліметінше, РФ пен Қазақстанның энергетика министрлері Сергей Шматко мен Сауат Мыңбаев Екібастұздағы 2-ші ГРЭС-тің үшінші блогын салу және пайдалану жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойды.

Сондай-ақ, Ресейдің Искери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералдық қызметінің директоры Михаил Дмитриев пен ҚР индустрия жіне сауда министрі Исет Исекешев өз қолдарын қою арқылы Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарулы күштерінің мүддесіне сай әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы бірлескен жұмыстардың бағдарламасын жасап жүзеге асыру жөніндегі үкіметаралық келісімді бекітті.

Сондай-ақ, РФ Федералдық кеден қызметінің жетекшісі Андрей Бельянинов пен ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозов Қазақстан мен Ресей шекарасындағы бірлескен бақылауды жүзеге асыру жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны