21.05.2009, 16:19 2759

Қазақстан мен Ресей Еуроодаққа мүше болмай-ақ үлкен Норвегияға айнала алады - сарапшы

Қазақстан мен Ресей Еуроодаққа мүше болмай-ақ үлкен Норвегияға айнала алады - сарапшы

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстан мен Ресей Еуроодаққа мүше болмай-ақ үлкен Норвегияға айнала алады. Бұл туралы бүгін "Жаңа инновациялық кәсіпорындарды сырттан қаржыландыру тәсілдері" атты халықаралық конференция барысында ТМД ПАА Кеңесінің бас хатшысы Михаил Кротов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан мен Ресей Еуроодаққа мүше болмай-ақ үлкен Норвегияға айнала алады, яғни, Еуропалық Одақтың айрықша артықшылықтағы серіктесіне айнала алады", - деді М.Кротов.

Бұл жерде, оның айтуынша, "Еуропалық Одақ елдері, Қазақстан мен Ресейдің өзара қызығушылығы бар". "ТМД аясында Ресеймен және Қазақстанмен терең интеграциялануды жақтайтындар да Қазақстан мен Ресейдің Еуропалық Одақпен бірегей байланысының артықшылықтарын пайдалана алады", - деді ол.

М. Кротовтың пікірінше, "ТМД елдеріндегі азаматтық құқықтық қатынастар біздің модельдік азаматтық қоғамға негізделеді, ал ол өз кезегінде Голландиядағы азаматтық қоғамның базасында құрылған, сол арқылы БҰҰ парламенттік ассамблеясы ТМД елдерінің құқықтық жүйесін Еуропалық Одаққа жақындатады".

"Еуропалық Одақ - табиғи ресурстарға кедей елдердің бірлестігі, сол себепті олар әлемдегі барлық мемлекетаралық жетекші бірлестіктермен арадағы кері сауда сальдосына ие", - деді М.Кротов.

Оның пікірінше, Еуропалық Одақтың бәсекелестік қабілетін көтеру үшін "оның қаржылық және технологиялық әлеуетін Ресей мен Қазақстанның бай табиғи және энергетикалық ресурстарымен біріктіру қажет".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны