17.11.2006, 17:52 2911

Қазақстан мен Ресей парламенттерінің жоғарғы палаталары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

АСТАНА. 17-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан парламентінің сенаты мен Ресейдің Федералдық кеңесі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі.

"17-қарашада Санкт-Петербургтың Таврический сарайында Қазақстан Республикасы парламентінің сенаты мен Ресейдің Федералдық жиынының Федералдық кеңесі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Нұртай Ибіқаев пен Сергей Миронов екі ел парламентінің жоғарғы палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Құжатқа сәйкес, тараптар "Қазақстан мен Ресей арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға түрткі болуға тиіс. Ондағы мақсат - саяси, экономикалық және гуманитарлық саладағы мемлекетаралық қарым-қатынастарды одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ететін келісім-құқықтық базаны дамыту мен үйлестіруге жағдай жасау".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны