11.09.2009, 18:02 3241

Қазақстан мен Ресей президенттері аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысу аясында "Ұлттық ауыл" парк-мұражайын бірге аралады

Қазақстан мен Ресей президенттері аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысу аясында "Ұлттық ауыл" парк-мұражайын бірге аралады

Астана. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Ресей президенттері аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысу аясында "Қазақ ауылы" орналасқан "Ұлттық ауыл" парк-мұражайын бірге аралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ресейдің Орынбор қаласында өткен VI Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумына Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев қатысты.

Форум бағдарламасы мемлекет басшыларының ұлттық кешендер, соның ішінде "Қазақ ауылы" орналасқан "Ұлттық ауыл" парк-мұражайын бірге аралауымен басталды.

Одан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев екіжақты кездесу өткізіп, онда отын-энергетикалық кешен, көлік, шекаралық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларындағы Қазақстан мен Ресейдің нақты жобаларын жүзеге асыру барысын талқылады. Бұдан басқа, Каспий құбыры консорциумының мұнай айдау көлемін кеңейту, трансшекаралық мұнайгаз кен орындарын бірлесіп игеру, сондай-ақ отын-энергетикалық саладағы өзге де бірқатар ірі жобалар туралы мәселелерді қарастырды.

Екіжақты келіссөздерден кейін мемлекет басшылары энергетика саласындағы ынтымақтастыққа арналған Қазақстан және Ресей VI аймақаралық ынтымақтастық форумының жалпы отырысына қатысты.

Форумды аша отырып, Дмитрий Медведев екіжақты сауда айналымының едәуір бөлігі - 70-75 пайызы - аймақаралық байланысты құрайтынын атап өтті. Бұл екі елді жақындатады, стратегиялық серіктестікке негіз қалайды.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев біздің халықтарымыздың қарым-қатынасының мәдени орталығының бірі, достықтың және орыстар мен қазақтардың ұлтаралық келісімінің мысалы болып табылатын қалада - Орынборда өткізілуінің айтарлықтай мәні барын атап өтті.

Қазақстан президенті біздің елдеріміз арасындағы одақтастық қатынастар - бұл тек тарихи қалыптасқан факті ғана емес екеніне тоқталды. Бұл біздің өзара қарым-қатынасымыздан, келісімдеріміз бен әр түрлі деңгейдегі байланыстарымыздан тұратын нақты ісіміз бен әрекетіміз арқылы толысып отыратын тұрақты үдеріс.

"Біздің бүгінгі кездесуіміз - бұл аймақаралық алға жылжу, шекаралық ынтымақтастық, одан әрі дамудың жаңа бағыттарын іздеу тұрғысында атқарылған жұмысымыздың қорытындысын шығару мүмкіндігі", - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Отырыста сондай-ақ РФ Сауда және өнеркәсіп министрі В. Христенко, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі С. Мыңбаев, Орынбор облысының губернаторы А. Чернышев, Батыс Қазақстан облысының әкімі Б. Ізмұхамбетов, РФ аймақаралық даму министрі В. Басаргин, "Ұлттық әл-ауқат қорының" басқарма төрағасы Қ. Келімбетов, Астрахань облысының губернаторы А. Жилкин, Павлодар облысының әкімі Б. Сағынтаев және Қорған облысының губернаторы О. Богомолов сөз сөйледі.

Форум қорытындысы бойынша екі елдің үкіметтері арасында ынтымақтастық туралы бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны