13.04.2010, 10:50 2350

Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевпен бейресми кездесу өткізді. Сондай-ақ, АҚШ-та жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан президенті АҚШ-тың саяси және қоғам қайраткерлерімен, сондай-ақ ірі компания өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевпен бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мейрамханадағы кешкі ас үстінде мемлекет басшылары екі жақты қарым-қатынас, сондай-ақ өңірлік және әлемдік саясат мәселелерін талқылады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, АҚШ-та жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың саяси және қоғам қайраткерлерімен, сондай-ақ ірі компания өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

АҚШ-тың Энергетика министрі Стивен Чумен кездесу кезінде энергетика саласындағы, соның ішінде ядролық энергетика, жаңартылған энергия көздері салаларындағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету туралы әңгіме болды. Қазақстан мен АҚШ-тың энергетикалық әріптестігі жөніндегі Бірлескен комиссиясының шешімін жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

Мемлекет басшысы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында, атап айтқанда, алдыңғы қатарлы энергиямен қамту технологиясын ендіру және баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруға американдық компаниялардың қатысуын кеңейту туралы айтты. Сондай-ақ екі елдің ғылым және білім беру мекемелерінің анағұрлым тығыз байланысына Қазақстанның мүдделі екені атап өтілді.

Нұрсұлтан Назарбаев американдық әріптестерді Астанадағы жаңа университет тәрізді перспективасы зор қазақстандық жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық орнықтыруға шақырды.

"Дженерал электрик транспортейшн" компаниясының басшысы Л.Симонеллимен кездесу барысында компанияның Астанадағы маневрлі локомотивтерді жинау және сервистік қызмет көрсету, сондай-ақ Қазақстанда пойыздар қозғалысының ара қашықтығын реттеу жүйесін құру жобаларын жүзеге асыруға қатысу мәселесі талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев "Шеврон" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Джон Уотсонмен отын-энергетикалық саладағы ынтымақтастықты тереңдету жоспарын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Бүкіләлемдік еврейлер конгресінің басшылығы - БЕК президенті Рональд Лаудермен, Еуразиялық еврейлер конгресінің президенті Александр Машкевичпен, АҚШ негізгі еврейлер ұйымы президенттері конференциясының төрағасы Алан Солоумен және вице-президент Малколм Хонлейнмен, АҚШ ұлттық конференциясы кеңестік еврейлер ісі жөніндегі атқарушы директоры Марк Левинмен кездесті.

Мемлекет басшысымен әңгімелесушілер қазақстандық көшбасшының Қазақстанда халықаралық бейбітшілік пен толеранттықты, өңірде қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудағы, оның халықаралық саясатқа белсенді қатысудағы маңызды рөлін атап өтті. Қазақстанда барлық азаматтардың ұлтына және діни сеніміне қарамастан, олардың тең құқылығы нақты қамтамасыз етіп отырғандығы атап өтілді. Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметіне белсене қатысып келе жатқан ұлты еврей азаматтарына қатысты. Бүкіләлемдік еврей конгресінің басшылары Қазақстандағы келісім мен толеранттық моделі әлемнің көптеген өзге елдері үшін айқын мысал болып табылатынына тоқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны