11.09.2009, 16:49 3289

Қазақстан мен Ресей президенттері екі ел азаматтарының тіркеусіз елде болу мерзімін 30 күнге дейін ұзартуға келісті

"Бізде Қазақстан азаматтарының Ресейде және ресейліктердің Қазақстанда тіркеусіз жүріп-тұру мерзімі 3 күн деп белгіленген. Барлық басқа елдермен біз 30 күннен 90 күнге дейінгі аралықтағы мерзімге келіскенбіз. Азаматтарымыз өз мәселелерін ойдағыдай шешу үшін арадағы мерзімді неліктен 30 күнге дейін ұзартпасқа?", - деді Н.Назарбаев.

Астана. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Ресей президенттері екі ел азаматтарының тіркеусіз елде болу мерзімін 30 күнге дейін ұзартуға келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевке азаматтардың тіркеусіз Қазақстан мен Ресейде жүріп-тұру мерзімін ұзартуды ұсынды.

"Бізде Қазақстан азаматтарының Ресейде және ресейліктердің Қазақстанда тіркеусіз жүріп-тұру мерзімі 3 күн деп белгіленген. Барлық басқа елдермен біз 30 күннен 90 күнге дейінгі аралықтағы мерзімге келіскенбіз. Азаматтарымыз өз мәселелерін ойдағыдай шешу үшін арадағы мерзімді неліктен 30 күнге дейін ұзартпасқа?", - деді Н.Назарбаев Орынбор қаласында Қазақстан мен Ресейдің VI аймақаралық ынтымақтастық форумында.

Ресей президенті Дмитрий Медведев бұл ұсыныспен келісіп, "мен оны қолдаймын",- деп жауап берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны