22.09.2010, 14:39 4235

Қазақстан мен Ресей президенттері уақытта Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммитін талқылады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 22 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "мемлекет басшылары алдағы уақытта Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммитінің мәселелерін талқылаған".

"Иңгімелесу барысында Өскеменде өткен Қазақстан мен Ресейдің VII аймақаралық ынтымақтастық Форумының барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру туралы, атап айтқанда екі елдің жоғары технология, ғылым мен білім, транзит-көлік әлеуеті салаларындағы өзара іс-қимылын кеңейту мәселелері жөнінде сөз болды",- деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны