18.06.2008, 10:23 1276

Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен өтетін шекаралас өңірлердің басшыларының саммиті Қостанайда емес, Ақтөбеде өтеді

Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен өтетін шекаралас өңірлердің басшыларының саммиті Қостанайда емес, Ақтөбеде өтеді

Қостанай. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен өтетін шекаралас өңірлердің басшыларының саммиті Қостанайда емес, Ақтөбеде өтеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Агенттік тілшісіне СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Ілияс Омаров хабарлағандай, саммитті Қостанайдан Ақтөбеге көшіру туралы шешім таза техникалық себептерден туындаған. Қостанай қаласының әуежайы стандартты емес.

Қостанай әуежайынан түсіндіргендей, Ресей президентінің ұшағы жерге қауіпсіз қонуы үшін ұшу-қону жолағының ұзындығы, кейбір есептеулер бойынша, 3 шақырымнан кем болмауы керек екен. Ал Қостанайда ол 500 метрге қысқа болып шыққан.

Саммит қонақтары үшін әрқайсысы 220 мың теңгені құрайтын сыйлық шапандары тігілген. Олар Қостанай қаласының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының таңбаларымен әшекейленген. "Енді олардың тағдыры белгісіз", - деп хабарлады үлгіші Елена Шевченко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны