21.03.2007, 13:30 3341

Қазақстан мен Ресей уранды байыту орталығын құру жөніндегі келісімге қол қояды

АЛМАТЫ. 21-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Ресей уранды байыту жөніндегі халықаралық орталық құру жөніндегі үкіметаралық келісімге таяу уақыттарда қол қояды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Ресейдің "Новости" ақпараттық агентітгіне сілтеме жасап.

"Таяудағы бірнеше аптада Қазақстан мен Ресей арасында уранды байыту жөніндегі халықаралық орталық құру жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойылады",- деді "Росатом" басшысының орынбасары Николай Спасский Ангарск қаласында "Росатом" және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік өкілдерінің қатысуымен сәрсенбіде өткен семинарда хабарлады. "Келісімнің жобасы дайындалып, келісілді. Қазір оны техникалық тұрғыда мұқият салыстыру жұмыстары жүргізілуде",- деді ол.

"Росатом" басшысының орынбасары келісімге қол қойылатын нақты мерзімді атамады. "Келісімге қол қойыла сала біз дайындық жұмыстары аяқталды, орталық жұмыс істей бастады деп айта аламыз",- деді Н.Спасский.

Бұдан кейін басқа елдер үкіметаралық келісімдердің негізінде халықаралық орталықтың жұмысына біріге алады. Осыған байланысты ол орталық жұмысына атсалысу жөнінде бірқатар басқа елдермен консультациялар жүргізілгенін хабарлады.

Ангарскіде өтетін кездесуде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің халықаралық орталықтың жұмысына атсалысу формасы айқындалады. "Біз Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі орталықты басқаруға қалай атсалысатындығы жөнінде сөйлесіп жатырмыз, бұл аса нысаналы әрі ашық әңгіме",- деді ол.

Н.Спасскийдің айтуынша, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен ынтымақтастық орталықты құрудағы шешуші фактор болып табылады. "Халықаралық орталық Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің қатысуымен ғана нақты орталыққа айнала алады",- деді ол.

Н.Спасский уранды байыту жөніндегі халықаралық орталықтарын құру бастамасы бойынша Ресей монополиялыққа талпынып отырған жоқ деп атап өтті.

"Дүниежүзінде ядролық энергетика қарқынды дамып келе жатқан жағдайда таратпау режимін біруақытта нығайта отырып оны жеткізуге кепілдікті қамтамасыз ету қажет",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны