10.05.2007, 16:47 3006

Қазақстан мен Ресей уранды байыту жөніндегі халықаралық орталық құру туралы келісімге қол қойды

АСТАНА. 10 - мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін Ресейдің президенті Владимир Путиннің Астанаға ресми сапары барысында уранды байыту жөніндегі халықаралық орталық құру туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Құжатқа Қазақстан жағынан энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов, ал Ресей жағынан Атом энергиясы жөніндегі федералдық агенттіктің төрағасы Сергей Кириенко қол қойды.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей арасында сауда өкілдігі бөлімін ашу туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды. Бұл құжатқа Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов пен Ресей Федерациясының сауда және экономикалық даму министрінің орынбасары Виталий Савельев қол қойды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны