30.07.2007, 17:33 3107

Қазақстан мен Ресей заңсыз есірткі айналымымен күрес саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды

АСТАНА. 30 шілде. Kazakhstan Today. ҚР ІІМ мен РФ есірткі айналымын бақылау жөніндегі федералдық қызметі есірткілік және психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Осыдан біраз уақыт бұрын біздің ойға алған ниетіміз заңдық тұрғыда бекітілді", - деп мәлімдеді Астанада бүгін РФ есірткі айналымын бақылау жөніндегі федералдық қызметі директорының орынбасары Олег Харичкин.

ҚР ІІМ бүгін таратқан баспасөз баянына сәйкес, қол қойылған келісімде "шұғыл-іздестіру, шұғыл-анықтамалық, криминалистикалық және басқа да өзара қызығушылық тудыратын ақпараттармен алмасу, есірткі тасымалы арналарын жою жөніндегі бірлескен операцияларды жүзеге асыру " қарастырылған.

Құжатта бұған қоса есірткі саудасынан тапқан кірісті заңдастырумен күреске жәрдемдесу, заңды есірткі айналымын, оларды жасауда пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың айналымын қадағалау саласындағы ықпалдастық, өзара тұрақты тәжірибе алмасу жайы қарастырылған.

"Қол қойылған келісім есірткі саудасымен күрес саласындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты сапалық жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді", - делінген баспасөз баянында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны