30.10.2007, 17:40 3230

Қазақстан мен Ресей жылу- энергетика саласындағы ынтымақтастықты тереңдете түспек ниетте

Қазақстан мен Ресей жылу- энергетика саласындағы ынтымақтастықты тереңдете түспек ниетте. Бұл туралы бүгін РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Ресей жылу- энергетика саласындағы ынтымақтастықты тереңдете түспек ниетте. Бұл туралы бүгін РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан президентімен кездесуде біз жылу- энергетика саласындағы әріптестік бойынша, соның ішінде көмірсутегі мен атом энергетикасы салалары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқыладық", - деді С. Лавров. "Бұл салада біздің күрделі әрі келешегі зор шешімдеріміз бен жоспарларымыз бар", - деді ол.

Министр сондай-ақ келіссөздер бырысында ғарыш саласындағы ықпалдастықтың жайы да талқыланғанын атап өтті. Бұған қоса тараптар гуманитарлық ынтымақтастықтың келешегі туралы да талқылады. "Біз мәдениет, ғылым, білім салалары бойынша екі жақты және ТМД аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайлы пікір алмастық", - деді С. Лавров.

"Сонымен қатар БҰҰ және ЕҚЫҰ аясындағы іс-әрекеттерімізді де үйлестіру мәселелері де қарастырылды", - деді министр. "Ресей жағы ЕҚЫҰ-ына төраға болуға ұсынған Қазақстанның кандидатурасын бұлтарыссыз қолдайтынын растады, біз бұл бағыттан бір айдан кейін Мадрид қаласында өтетін сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына дайындық барысында да ауытқымайтын боламыз", - деп атап көрсетті Ресей СІМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны