16.06.2008, 14:35 2530

Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік шекарасы 2009 жылы демаркациялана бастайды - Өзбеков

Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік шекарасы 2009 жылы демаркациялана бастайды - Өзбеков

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік шекарасы 2009 жылы демаркациялана бастайды. Бұл туралы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбеков бүгін парламентте өткен "үкіметтік сағат" барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ресей Федерациясымен арадағы мемлекеттік шекара 2009 жылы демаркациялана бастайды", -деп мәлімдеді Ө. Өзбеков.

"Біздың жақ оны бастауға дайын болатын, бірақ, Ресей жағының өтінішімен оны 2009 жылы бастау ұйғарылды", - деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекара туралы келісімге екі ел президенттері 2005 жылдың 18 қаңтарында Мәскеуде қол қойды. Құжат Қазақстан мен Ресей арасындағы құрғақтағы, соның ішінде өзендер мен көлдер арқылы өтетін мемлекеттік шекараны айқындайтын базалық келісім болып саналады. Екі мемлекет те бұл келісімді 2005 жылдың желтоқсан айының басында бекітті.

Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы 7591 шақырымға тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны