10.09.2009, 13:42 3036

Қазақстан мен Ресейдің монополияға қарсы күрес мекемелерінің басшылары дағдарыс кезеңіндегі интеграциялық процестердің маңызын жоғары бағалап, өзара тәжірибе алмасуға әзірлік танытты

Қазақстан мен Ресейдің монополияға қарсы күрес мекемелерінің басшылары дағдарыс кезеңіндегі интеграциялық процестердің маңызын жоғары бағалап, өзара тәжірибе алмасуға әзірлік танытты

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Ресейдің монополияға қарсы күрес мекемелерінің басшылары Мәжит Есенбаев пен Игорь Артемьев дағдарыс кезеңіндегі интеграциялық процестердің маңызын жоғары бағалап, өзара тәжірибе алмасуға әзірлік танытты. Монополияға қарсы күрес мекемелерінің басшылары қыркүйек айының басында Қазан қаласында өткен бәсекелестік жөніндегі халықаралық конференция аясында кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев пен Ресейдің Федералдық антимонополиялық қызметінің жетекшісі И. Артемьев монополияға қарсы күрес заңнамасын бұзудағы қазіргі ағымдарды талқылады.

БРИК (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай) елдерінің басқаруымен өткен бәсекелестік жөніндегі халықаралық конференцияға әлемнің 40 елінің монополияға қарсы күрес мекемелерінің өкілдері жиналды. Форумға РФ үкімет басшысының орынбасары Игорь Шувалов пен Татарстан президенті Минтимер Шаймиев қатысты.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, М. Есенбаев "Қазақстанда картельдермен күреске арналған институционалдық және құқықтық шарттар" атты тақырыпта хабарлама жасады.

Монополияға қарсы күрес мекемелері жетекшілерінің кезекті форумы екі жылдан кейін Қытайда өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны