17.11.2009, 17:39 2648

Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері екі ел арасындағы одақтастық қатынас пен серіктестіктің стратегиялық сипатын растады

Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері екі ел арасындағы одақтастық қатынас пен серіктестіктің стратегиялық сипатын растады

Алматы. 17 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері екі ел арасындағы одақтастық қатынас пен серіктестіктің стратегиялық сипатын растады, деп хабарлайды Kazakhstan Today "ИТАР-ТАСС" агенттігіне сілтеме жасап.

"Біз ҚР мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі қызметіндегі бірінші ресми сапарыңызды Ресей Федерациясына жасауыңызды біз бағалаймыз", - деді Ресей Федерациясы Сыртқы істер ведомствосы басшысы Сергей Лавров ҚР мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевқа қарата айтқан сөзінде.

"Бұл біздің екі ел арасындағы одақтастық қатынас пен серіктестіктің стратегиялық сипатын көрсетеді және біздің арамызда президенттердің деңгейінде және жалпы біздің елдердің басшылығы деңгейінде қалыптасқан ауанға лайық", - деді ол.

Оның айтуынша, " Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрліктерінің алдында жоғары және аса жоғарғы деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыру жөніндегі аса күрделі миссия тұр".

"Біз бүгін осы жайлы талқылап, өзара серіктестікті нығайтудың бұдан былайғы қадамдарын белгілейміз деп ойлаймын", - деді С. Лавров.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ресей Федерациясы Сыртқы істер ведомствосы басшысы Сергей Лавровтың шақыруымен 16-17 қарашада ҚР мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сапар барысында қазіргі кездегі екі мемлекет дамуының саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық мәселелерін қамтитын екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланбақ.

Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелері қарастырылып, бірқатар аймақтық проблемалар жөнінде пікір алмасулар орын алмақ.

Келіссөздер нәтижесінде 2010 жылға арналған Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер ведомствалары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Ic-шаралар жоспарына қол қойылатын болады.

Сапар бағдарламасы аясында Қ.Саудабаев М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде РФ Мемлекеттік думасы мен Федералдық жиын депутаттары, Ресей сарапшылары және БАҚ өкілдері қатысатын дөңгелек үстелде кездеседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны