03.10.2006, 14:02 2940

Қазақстан мен Ресейдің техникалық реттеу жүйелерін реформалау саласындағы тәжірибесі басқа елдерге үлгі бола алады - сенат спикері

АСТАНА. 3-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан парламенті сенатының спикері Нұртай Ибіқаевтың пайымдауынша, Қазақстан мен Ресейдің техникалық реттеу жүйелерін реформалау саласындағы тәжірибесі бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі басқа елдерге үлгі бола алады, деп хабарлайдлы Kazakhstan Today тілшісі Астанадан.

"Біздің елдердің техникалық реттеу жүйелерін реформалау саласындағы тәжірибеміз осы саладағы ұлттық заңнамаларды одан әрі үйлестіруге қызмет ететін болады және ол елдер үшін пайдалы",- деді бүгін Н.Ибіқаев "Қазақстан мен Ресейдің техникалық реттеу саласындағы заңнамасын үйлестіру" атты парламетнтік тыңдау барысында.

"Бұдан тек Қазақстан мен Ресейдің ғана ұтпайтыны айқын. Бүгіндері ТМД, ЕурАзЭҚ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы және бұрынғы Кеңестік кеңістік аясындағы басқа да ұйымдар шеңберіндегі интеграциялық процестерді ілгері жылжытушы бастамалардың басым бөлігі екі елдің үлесінде",- деді ол.

Сенат спикері ТМД аясында Қазақстан мен Ресейдің ғана екі жақты ынтымақтастықтың теңдессіз тәжірибесін жинақтап, Біртұтас экономикалық кеңістік пен Кедендік одақты құруда жетекші роль атқарып, интеграциялық процестердің локомотивіне айналды", деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны