19.11.2012, 12:44 2587

Қазақстан мен Шри-Ланка туризм саласында ынтымақтастық орнату туралы келісім жасады

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев хабарлады.

Астана. 19-қараша. Kazakhstan Today - 19-22 қараша аралығында Шри-Ланка Президенті Махинда Раджапакса Астанаға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев хабарлады.

"Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен осы аптада, яғни 19-22 қараша аралығында Шри-Ланка Президенті Махинда Раджапакса Астанаға мемлекеттік сапармен келетін болады. Екі ел басшыларының саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі келіссөздері мен халықаралық саясат, энергетикалық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңінен пікір алмасу жоспарланған. Келіссөздер қорытындысы бойынша Астанада туризм саласындағы ынтымақтастық, келісім мен сауда-өнеркәсіптік палатасы мен Цейлон ұлттық сауда палатасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады деп күтілуде", - деді А.Ибибуллаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны