27.06.2012, 15:44 2730

Қазақстан мен Таиланд бизнесті дамыту үшін арнайы жұмыс тобын құруға келісті

21-22 маусым күндері Бангкок қаласында Таиланд Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтмақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның 2-ші отырысы өтті.

Банконг. 27-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Таиланд бизнесті дамыту үшін арнайы жұмыс тобын құруға келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

21-22 маусым күндері Бангкок қаласында Таиланд Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтмақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның 2-ші отырысы өтті.

Қазақстандық делегацияны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Ибдіқалықова бастап барды, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Жиын барысында Г.Ибдіқалықова комиссия отырысына қатысушыларды 2020 жылға дейінгі Қазақстанның даму басымдықтарымен және Елбасы Н.Назарбаевтың ҚР Сыртқы істер министрлігі мен еліміздің шет елдегі дипломатиялық мекемелері алдына қойған міндеттерімен жан-жақты таныстырды. Ол өз сөзінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының одан арғы негізгі басымдығы индустриялық-инновациялық даму болып табылатындығын баса айтты.

Үкіметаралық комиссияның екінші отырысының қорытындысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың барлық саласы жан-жақты қаралды. Исіресе, екіжақты сауда-саттық, инвестиция тарту, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Нәтижесінде инвестицияны өзара дамыту және қорғау жөніндегі келісімді, сауда туралы келісімшартты, дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелеріне виза талаптарын алып тастау туралы келісімге қысқа мерзім ішінде қол қоюға дайындау уағдаластығы жасалды.

Сонымен қатар тараптар бизнесті дамыту бойынша таиландық-қазақстандық жұмыс тобын құруға және таяу аралықта тайландық-қазақстандық іскерлік кеңесін құру мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Алқалы жиын соңында тараптар комиссияның үшінші отырысын Астана қаласында өткізуге уағдаласты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны