14.12.2009, 14:28 2921

Қазақстан мен Түрікменстан президенттері энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы талқылады

Қазақстан мен Түрікменстан президенттері энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы талқылады

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Түрікменстан президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбангулы Бердымухаммедов шағын құрамда екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Олар енді ашылғалы отырған "Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай" газ құбыры жайлы әңгіме өрбітті. Н.Назарбаев бұл жоба "қатысушы елдердің ортақ табысы" екендігін атап өтті. Екіжақты ынтымақтастық туралы айта келіп, мемлекет басшысы "Қазақстан мен Түрікменстан арасында ешқандай проблемалар жоқ" екендігін айтты.

Түрікменстан президентімен әңгімеде Н.Назарбаев Қазақстан мен Түрікменстанды жалғастыратын және Иранға шығатын "Өзень-Берекет-Этрек-Горган" теміржол магистралі құрылысын да еске алды. Баршаға белгілі, бұл көлік дәлізі еропалық елдерге, Иранға, Түркияға, сондай-ақ Парсы шығанағы елдеріне транзиттік тасымалдау жағдайын елеулі жақсартуға тиіс.

Түрікменстандағы ҚР елшілігінің ақпараты бойынша, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық байланыстар 1992 жылғы 5-қазанда орнатылды. Екіжақты ынтымақтастықтың келісім-құқықтық базасы 60-тан астам құжатты құрайды.

Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік мемлекеттер ретінде энергия ресурстарын сыртқы нарыққа шығаруға - қазақстандық мұнайды оңтүстік бағытқа Парсы шығанағына қарай және түрікмен газын солтүстік бағытта Ресейге, Украинаға, Еуроодақ елдеріне, сондай-ақ ҚХР-ға шығаруға өзара мүдделі.

Түрікмен тарапы мұнай мен газды барлау, өндіру және тасымалдау жөніндегі қазақстандық тәжірибеге және Түрікмен отын-энергетика кешеніне ықтимал инвестицияларға ынта білдірді. "Мұнай-газ кешеніндегі жобалардың екі жақ үшін де стратегиялық маңызы бар. Оны жүзеге асыру Қазақстан мен Түрікменстандағы әлеуметтік-саяси жағдайға ғана емес, тұтастай алғанда аймаққа оң ықпалын тигізеді", - делінген Елшіліктің хабарламасында. Қазақ-түрікмен ынтымақтастығының басым бағыттарының бірі Каспий теңізінің мәртебесін белгілеу, бұл орайда тараптарда алшақ пікір жоқ.

Қазақстан үшін Түрікменстан экономикасындағы тағы бір маңызды сала - мақта-мата өнеркәсібі қызығушылық тудырып отыр, бұл салада елдің үлкен тәжірибесі бар.

"2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында екіжақты тауар айналымы 143,4 млн. АҚШ долларын (экспорт - 90 млн, ал импорт 53,4 млн доллар) құрады, бұл өткен 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (288,3 млн АҚШ доллары), 49,7 пайызға кем", -делінген ҚР президентінің баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны