26.05.2010, 12:03 2404

Қазақстан мен Түркия бірлесе Қырғызстанға көмек көрсетпек ниетте

Қазақстан мен Түркия бірлесе Қырғызстанға көмек көрсетпек ниетте

Астана. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Түркия бірлесе Қырғызстанға көмек көрсетпек ниетте. Бұл туралы бүгін Түркия Республикасының президенті Абдолла Гүл мырза Қазақстан Республикасы парламентінің депутаттары алдында сөз сөйлеген кезде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге қырғыз халқына көмек көрсетуге бірлесе күш салуға шешім қабылдадық", - деді А. Гүл.

Ол атап өткендей, "қырғыз халқына көмек көрсету ең алдымен бауырлас халықтардың міндеті болмақ". "Біз ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қырғызстанда осы жылдың сәуір айында болған және баршамызды қатты алаңдатқан оқиғаларды одан әрі ушықтырмай аяқтау мәселесі бойынша Қазақстан тарапынан жұмсалған күш-жігерді мақұлдадық", - деді Түркия Республикасының президенті.

"Жағдайды пайдалана отырып, Қырғызстанның қазіргі өтпелі кезеңді табысты аяқтауына және демократиялық басқаруға қол жеткізу мен қырғыз халқының өзіне лайықты әл-ауқатқа жетуіне бағытталған қандай қадамды да қолдауға дайын екенімізді тағы бір рет растай атап өткім келеді", - деді А. Гүл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны