21.06.2010, 15:55 3963

Қазақстан мен Түркия Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты бірлескен іс-шараларды жүзеге асырады

"Бізде Қырғызстанға қатысты бірлескен нақты іс-қимылдардың жоспарын әзірлеу бойынша келісім бар. Оны аяқтағаннан кейін және өзара келісілгеннен соң, осы бойынша арық қарай жылжитын боламыз",- деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрі.

Алматы. 21-маусым. Kazakhstan Today Қазақстан мен Түркия Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты бірлескен іс-шараларды жүзеге асырады. Бұл туралы бүгін Астанада Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоғлымен кездескеннен кейінгі брифингте ҚР Мемлекеттік хатшысы, сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев мәлім етті , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып

"Бізде Қырғызстанға қатысты бірлескен нақты іс-қимылдардың жоспарын әзірлеу бойынша келісім бар. Оны аяқтағаннан кейін және өзара келісілгеннен соң, осы бойынша арық қарай жылжитын боламыз",- деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрі.

Өз кезегінде Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоғлы шілденің 27-інде Қырғызстанда жоспарланып отырған референдум іске асатынына үміт артты. "Референдум өткеннен кейін Қырғызстанға көмек көрсету үшін біз Қазақстанмен бірлескен іс-қимылдарды әзірлеуді жоспарлап отырмыз", - деді Түркия министрі.

Оның айтуынша, экономикалық, дипломатикалық салаларда, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында қолдау көрсету жоспарланып отырғандығын жеткізді.
"Біз Қазақстанмен ары қарайғы іс-қимылдардың бірлескен бағдарламасын қарастырғаннан соң, біз бұл ақпаратты басқа да көршілес достас елдермен бөлісетін боламыз", - деп атап өтті А. Дәуітоғлы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны