27.09.2012, 15:07 3237

Қазақстан мен Түркия парламентаралық байланыстарды нығайтпақ

Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Біз экономика, мәдениет салаларында қоян-қолтық ынтымақтастық орнатқан бауырлас елміз. Біздің кездесулеріміз үнемі аса жоғары деңгейде өтеді", - деді Н.Назарбаев кездесуде.

Астана. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Түркия парламентаралық байланыстарды нығайтпақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні Астанада Түркияның ұлы ұлттық жиыны төрағасы Жемил Чичекті қабылдады.

Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Біз экономика, мәдениет салаларында қоян-қолтық ынтымақтастық орнатқан бауырлас елміз. Біздің кездесулеріміз үнемі аса жоғары деңгейде өтеді", - деді Н.Назарбаев кездесуде.

Президент екі жақты байланыстарды нығайту үшін Түркі тілдес мемлекеттер кеңесі құрылғанын тілге тиек етті. Еліміздің барлық аймақтарында жиырмадан астам Қазақ-түрік лицейлері мен екі бірдей университет жұмыс істеп тұр.

"Бұл екі ел арасындағы бір-біріне деген сенім мен екі жақты байланыстардың үлкен қарқынмен дамып келе жатқанының айғағы. Қазақстан мен Түркия парламенттері арасындағы байланыстар да осындай жоғары деңгейге көтерілуі тиіс", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Ж.Чичек елбасына Түркия басшылығының сәлемін жеткізді. Дәл осы күні түрік парламенті төрағасымен сенат төрағасы Қайрат Мәми кездесті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны