25.05.2010, 17:09 4012

Қазақстан мен Түркия тауар айналымының көлемін $10 млрд дейін жеткізбек ниетте (толықтырылған)

Қазақстан мен Түркия тауар айналымының көлемін $10 млрд дейін жеткізбек ниетте (толықтырылған)

Астана. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Түркия тауар айналымының көлемін $10 млрд дейін жеткізбек ниетте. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Дағдарысқа байланысты тауар айналымы $1 млрд көлемінде құлдырап, $2 млрд құрады. Біз таяудағы жылдарда сауда-саттық көлемін 10 млрд долларға дейін жеткізуді мақсат тұтып отырмыз", - деді Н. Назарбаев.

"Мен былтыр Түркияға ресми сапармен бердым, ол кезде біз екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге келдік", - деді президент.

"Біз еліміздегі индустриялық-инновациялық бағдарламаға ірі түрік бизнесін қатысуға шақырамыз", - деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, Қазақстанда бүгінде "1,5 мыңға жуық түрік компаниялары жұмыс істейді".

Қазақстан президенті сондай-ақ, " Түркияның Қазақстан экономикасына салған инвестициясының көлемі $2,5 млрд асқанын" атап өтті. "Біз энергетика, транзит, транспорт, ауылшаруашылығы, құрылыс, шағын және орта бизнес саласында ынтымақтасып отырмыз. Біз осы салаларда екі жақты қарым-қатынастарды бекіте түсуге дайынбыз", - деді Н. Назарбаев.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы "әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықтың да әлеуеті зор екенін" атап көрсетті. "Түркия президенті Абдулла Гюльдің осы жолғы бірнеше күнге созылатын Қазақстанға сапары барысында біз Түркі дүниесінің академиясын, Түркияның Қазақстандағы елшілігінің жаңа ғимаратын ашамыз. Бұл шаралар екі елдің арасындағы ынтымақтастық пен сенімді нығайта түсуге қызмет етеді", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны