20.11.2012, 10:07 1518

Қазақстан мен Украина әскери ынтымақтастықты жандандырмақ

Екі ведомство арасындағы Ынтымақтастық Жоспары бойынша Қазақстан-Украина әскери ынтымақтастығы жүзеге асырылады.

Астана. 20-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада ҚР Қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбеков Астанаға ресми сапармен келген Украина Қорғаныс министрі Дмитрий Саламатин мен Украина әскери делегациясын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Екі ведомство арасындағы Ынтымақтастық Жоспары бойынша Қазақстан-Украина әскери ынтымақтастығы жүзеге асырылады.

Осы жылы өткен бас штабтар бастықтары мен әскери-әуе күштері басшыларының кездесуі барысында жаңа, өзара тиімді әрекеттестік салалары анықталды.

Иділбек Жақсыбековтің айтуынша, аталмыш тұрақты кездесулер екі жақтың қарым-қатынасына жоғары серпін беріп, украиналық жақтан келген өкілдерге қазақстандық армияда болып жатқан оқиғалар туралы хабарлады.

"Мемлекетіміздің Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украинамен әріптес қарым-қатынастардың дамуы мен жан-жақты ынтымақтастықты, сонымен қатар әскери мен әскери-техникалық саланы нығайтуды маңызды деп санайды", - деді Қазақстанның Қорғаныс министрі. - "Мысалға, екі ведомствоның ынтымақтастығы бойынша бағдарлама ағымдағы жылда 100 пайызға жүзеге асырылғандығы белсенділікті растайды"

Атап айтқанда, бүгінгі күнде отандық қорғаныс өнеркәсіп кешенін дамыту басымды болып табылады. Осыған байланысты, әскери-техникалық ынтымақтастыққа ерекше мән беріледі. Украина маңызды әріптес және бүгін украиндық әскери делегация "Қазақстан Инжиниринг Ұлттық компаниясы" АҚ-на барып отандық әскери өнеркәсіп кешенінің қорғаныс саласына қатысты өнімдерімен танысады.

Ынтымақтастықты дамыту мен белсенділікті арттыру бойынша екі мемлекеттің ведомство арасындағы өзара әрекеттіне құқықтық негізді нығайту үшін кездесу барысында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Бұл құжаттар "Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен Украина Қорғаныс министрлігі арасындағы әскери білім саласындағы ынтымақтастық туралы" келісім мен 2013 жылға арналған ынтымақтастық жоспары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны