13.05.2010, 10:29 1466

Қазақстан мен Үндістан үкіметтері БАҚ және спорт салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Үндістан үкіметтері БАҚ және спорт салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Астана. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Астанада кеше ҚР мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қ. Саудабаев Үндістан Республикасының сыртқы істер министрі Соманахалли Маллайх Кришнамен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР СІМ хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 12 мамырында Астанада ҚР мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қ. Саудабаев өзінің әріптесі, Индия Республикасының сыртқы істер министрі Соманахалли Маллайх Кришнамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың ағымдағы жағдайын, қазақстандық-индиялық стратегиялық әріптестіктің даму болашағын және өткен жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістан Республикасына сапары кезінде қол жеткізген келісімдердің жүзеге асырылуы жайлы талқылады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін көтере отырып, сыртқы саяси ведомстволардың басшылары экономикалық байланыстар көлемі Қазақстан мен Үндістан қарым-қатынасының ауқымды әлеуетіне сәйкес келмейтіндігін атап өтті. Осыған орай, Қ. Саудабаев әріптесін біздің еліміздің индустриалық-инновациялық даму бағдарламасымен таныстырып, осы бағдарламаны іске қосуда Индияның көлемді әрі нақты қатысуын қолдайтынын айтты.

Иңгімелесушілер БҰҰ, ШЫҰ және АӨСШК секілді ғаламдық және аймақтық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың деңгейіне қанағат танытты. Бұл ықпалдастық екі елдің де еуразиялық аймақта артып келе жатқан роліне байланысты ерекше өзектілікке ие болуда. Сонымент қатар, С.М. Кришнамен кезду барысында маңызды халықаралық және аймақтық мәселелерде, атап айтқанда терроризмге қарсы күрес мәселесінде Қазақстан мен Индияның ұстанымдары бір жерден шығатындығы аталды.

Екі елдің ресми тұлғаларының кеңейтілген құрамдағы келіссөздері барысында Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықтың саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларындағы мәселелері талқыланды. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының үкіметі мен Үндістан Республикасының үкіметі араларында мәдениет, өнер, БАҚ және спорт салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны