27.02.2007, 13:23 2424

Қазақстан мен Изербайжанның сыртқы істер министрлері екі жақты келісімдерге қосымша хаттамаға қол қойды

АСТАНА. 27-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада Қазақстан СІМ Марат Тәжин мен Изербайжан СІМ Эльмар Мамедьяров екі жақты келісімдерге қосымша хаттамаларға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы мен Изербайжан Республикасының үкіметтері арасындағы одақтастық қарым-қатынастар және стратегиялық әріптестік туралы келісімді бекіту жөніндегі грамоталармен алмасу туралы хаттамаға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Изербайжан Республикасының үкіметтері арасындағы екі ел азаматтарының визасыз қатынауы туралы 1997-жылғы 10-маусымдағы келісімге қосымша хаттамаға қол қойды.

Қол қою рәсімі Изербайжан СІМ-нің елімізге сапары аясында екі елдің министрлері басқарған өкілдер арасындағы келіссөздерден кейін өтті. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Э.Мамедьяровтың сапары ақпанның 27 -28 аралығында жалғасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны