31.03.2008, 18:06 6827

Қазақстан мен Вьетнам екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді

Қазақстан мен Вьетнам екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді

Астана. 31 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласында 4 сәуірде Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық салалардағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Вьетнам үкіметаралық комиссиясының 3-отырысы өткізілмек. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Ресми өкілдің хабарлауынша, комиссияның Қазақстан жағының тең төрағасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев, вьетнам жағынан - Вьетнам Социалистік Республикасының өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Ле Зань Винь болып табылады.

"Аталмыш іс-шара шеңберінде екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері, сондай-ақ ҚР мен ВСР арасындағы басқа да салалардағы өзара қарым-қатынастарды дамыту перспективалары талқыланбақ",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны