Система Orphus

Қазақстан мен Вьетнам Президенттерінің кеңейтілген құрамдағы кездесуінен кейін бірқатар құжаттарға қол қойылды

10.09.2012, 14:37 539

Астана. 10-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чыонг Тан Шангтің кеңейтілген құрамдағы кездесуінен кейін бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, келіссөздердің қорытындысы бойынша Тарантин және өсімдікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы, әуе қатынасын ашу туралы екіжақты Үкіметаралық құжаттарға, сондай-ақ Астана мен Ханой қалалары арасындағы бауырластық қатынастарды орнату туралы, бұдан бөлек, Қазақстан Ұлттық банкі мен Вьетнам Мемлекеттік банкі арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.

Айта кетейік, екі елдің 160-қа жуық кәсіпкерлерінің қатысуымен Қазақстан-Вьетнам бизнес-форумын өткізу жоспарланған. Оның аясында бірқатар екіжақты құжаттарды бекіту қарастырылуда. Келіссөздер барысында Мемлекет басшылары саяси өзара іс-қимыл мәселесін, сауда-экономикалық, индустриялық-инновациялық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда байланыстарды нығайту мәселесін талқылады.

"Менің өткен жылғы Вьетнамға сапарымда қол қойылған келісімдер және бүгін бекітілген құжаттар біздің халықтарды жақындастырады және ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді",-деп атап өтті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеңейтілген құрамдағы кездесу барысында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны