19.10.2009, 17:53 3204

Қазақстан мен Жапония екі жақты ынтымақтастық жайын талқылайды

Қазақстан мен Жапония екі жақты ынтымақтастық жайын талқылайды

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - Астана қаласында 22 қазанда экономика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Жапонияның үкіметтік және жеке секторларының бірлескен комиссиясының 10-шы отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Келіссөздерді Қазақстан тарапын Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Исет Мағауов, ал жапон делегациясын Экономика, сауда және индустрия вице-министрі Хироюки Исигэ басқарады.

"Мәжіліс барысында энергетика, индустрия және сауда салаларындағы екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі, сондай-ақ Қазақстанға Жапония ивестициялары мен технологияларын тарту мәселесі талқыланады.

Жапон тарапының құрамына бірқатар мемлекеттік органдар басшылығымен қатар, жапондық жетекші корпорациялар мен арнайы экономикалық ұйымдар басқарушы буынының өкілдері енді",- деді Е.Ашықбаев.

СІМ мәліметінше, шара нәтижелері бойынша қорытынды хаттама мен қазақ-жапон экономикалық ынтымақтастығын жандандыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына қол қою күтілуде.

Сапар шеңберінде Экономика, сауда және индустрия вице-министрі Хироюки Исигэ еліміздің министрліктерімен даму институттары басшылығымен кездеседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны