11.05.2011, 19:02 3790

Қазақстан мен Жапония ҚР аумағында жаңа бірлескен жобалар ашуды талқылауда

ҚР Индустрия және жаңа технология министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада ҚР ИЖТМ Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі "NADLoC" акционерлік қоғамының басшылығы мен жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Харада Юдзомен және Қазақстандағы Жапондық экономикалық ниеттестер қоғамы "Мокуйокай" мүшелерімен кеңейтілген кездесуі өтті.

Астана. 11 - мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Жапония ҚР аумағында жаңа бірлескен жобалар ашуды талқылауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Индустрия және жаңа технология министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада ҚР ИЖТМ Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі "NADLoC" акционерлік қоғамының басшылығы мен жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Харада Юдзомен және Қазақстандағы Жапондық экономикалық ниеттестер қоғамы "Мокуйокай" мүшелерімен кеңейтілген кездесуі өтті.

Кездесуде Қазақстан территориясында мүмкін боларлық бірлескен жаңа жобалар туралы әңгіме қозғалды. Иңгіменің басты тақырыбы жергілікті қамтуды реттеу, ережелерді қолдану тәжірибесі, қазақстандық жоғары білікті мамандардың тапшылығы, және жапондық кадрларды тарту проблемасын шешу туралы болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны