04.09.2007, 15:11 3131

Қазақстан "Мұсылман әлемі және Батыс" тақырыбында форум өткізуге бастама көтеріп отыр

Қазақстан мұсылман мемлекеттерінің сыртқы саясат мекемелерінің басшылары деңгейінде "Мұсылман әлемі және Батыс" тақырыбында әлеуметтік-саяси форум өткізуге бастама көтеріп отыр.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан мұсылман мемлекеттерінің сыртқы саясат мекемелерінің басшылары деңгейінде "Мұсылман әлемі және Батыс" тақырыбында әлеуметтік-саяси форум өткізуге бастама көтеріп отыр. Бұл туралы бүгін "Орта Азиядағы ислам өркениеті" атты халықаралық конференция барысында Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Марат Тәжин мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстанда екі рет өткізіліп үлгерген Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезді аясындағы конфессияаралық келіссөздер орнату жөніндегі еліміздің жетістіктері белгілі",- деп атап өтті министр. "Осы тәжірибе базасында біз мұсылман мемлекеттерінің сыртқы саясат мекемелерінің басшылары деңгейінде "Мұсылман әлемі және Батыс" тақырыбында әлеуметтік-саяси форум өткізуді жоспарлап отырмыз", деді ол. Сонымен қатар, оның хабарлауынша "Қазақстан аталмыш бастаманы жүзеге асыруға басты мұсылман мемлекеттері мен "Ислам конференциясы" Ұйымының бас хатшылығының қолдауына ие болды".

"Ислам қаупі" секілді түсінікті пайдаланудың оңайлығы қатерлі масштабқа ие болғаны соншалықты, қазір тіпті ислам тарапынан төнген мифтік қауіп туралы емес, исламның өзін қорғау қажеттігі туралы сөз қозғайтын сәт туды",- деп санайды М. Тәжин. "Қазақстан басқа да көптеген елдер сияқты, бұл проблеманың шешімін өркениеттердің өзара ықпалдастығы мен келіссөздерден көріп отыр",- деп атап өтті ол.

Қазақстанның сыртқы саясат мекемесінің басшысы сондай-ақ, "Қазақстан "Ислам конференциясы" Ұйымымен арадағы қатынасын дамытуға үлкен назар аударып отырғандығын" атап көрсетті. "Қазіргі уақытта "Ислам конференциясы" Ұйымы ислам әлемінің алдында тұрған заманауи қауіп-қатерлерге лайықты жауап қату үшін ұйым құрылымын модернизациялау қажеттілігіне байланысты үлкен жолдың басында тұр",- деп атап өтті ол. "Біздің ел аталмыш процессті қолдайды және оған қатысады",- деп қосты министр. "Қазақстан зайырлы мемлекет бола отырып, мұсылман әлемінің сөзсіз юір бөлігі болап табылады",- деп қорытындылады ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны