21.09.2009, 16:06 2945

Қазақстан өкілдері адам өлшемі саласындағы міндеттемелерді орындау барысына қатысты жыл сайынғы ЕҚЫҰ кеңесіне қатысады

Қазақстан өкілдері адам өлшемі саласындағы міндеттемелерді орындау барысына қатысты жыл сайынғы ЕҚЫҰ кеңесіне қатысады

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан өкілдері адам өлшемі саласындағы міндеттемелерді орындау барысына қатысты жыл сайынғы ЕҚЫҰ кеңесіне қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"28 қыркүйек пен 9 қазан аралығында Варшава қаласында мыңнан астам ұлттық делегациялар өкілдері, адам құқықтары мен демократизациялау жөніндегі көптеген үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ), академиялық топ өкілдерінің қатысуымен адам өлшемі саласындағы міндеттемелерді орындау барысына қатысты жыл сайынғы ЕҚЫҰ кеңесі өткізіледі. Кеңеске Қазақстан жағынан СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мәдина Жарбосынова бастаған делегация қатысады",- деді Е.Ашықбаев.

Оның айтуынша, күн тәртібіне сәйкес қатысушылар заң шығару саласындағы ашықтық, таңдау құқығы, діни наным бостандығы, заң үстемдігі, қоғамдағы толеранттылық, нәсілдік кемсітуді болдырмау, адам саудасы мен заңсыз көші-қонмен күрес, гендерлік теңдік және азаптауды болдырмау мәселелерін қарастыратын болады.

"Форум шеңберінде қазақстандық тарап діни сенім бостандығы тақырыбында отырыс және ҚР 2009-2012 жылдарға арналған Адам құқығы саласындағы ұлттық әрекеттер жоспарының тұсаукесерін өткізеді",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны