03.12.2007, 17:24 3311

Қазақстан өкілдері Беппу қаласында өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиты аймағының су проблемалары жөніндегі саммитіне қатысуда

Қазақстан өкілдері Беппу қаласында өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиты аймағының су проблемалары жөніндегі саммитіне қатысуда

Астана. 3 -желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан өкілдері Беппу қаласында өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиты аймағының су проблемалары жөніндегі саммитіне қатысуда. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев бүгін өткен брифингте құлағдар етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Қазақстандық өкілдер құрамында ауылшаруашылығы министрлігі, қоршаған ортаны қорғау министрлігі, сыртқы істер министрлігі мен халықаралық Аралды құтқару қорының өкілдері бар.

"Исіресе саммит хатшылығының Арал теңізінің проблемалаларын пікірталастар тақырыбына қосу туралы шешімінің маңызы зор, бұл жайт әлемдік қоғамдастық назарын осы мәселеге тағы бір аударып, оның шешімін табуға септігін тигізеді", -деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны