18.09.2006, 17:02 2776

Қазақстан өкілдері БҰҰ Бас ассамблеясының Нью-Йоркте өтетін 61-сессиясына қатысады

АСТАНА. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today. 18-24-қыркүйекте ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев басқарған Қазақстан өкілдері БҰҰ Бас ассамблеясының Нью-Йоркте өтетін 61-сессиясына қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қ.Тоқаев жалпы пікірталастарға қатысады. "Еліміздің бас дипломаты бұған қоса Еуропа, Азия және Америка құрлығы елдерінің министрлерімен бірқатар екі жақты кездесулер өткізбекші", деді ол.

СІМ өкілінің айтуынша, "сапар аясында Тоқаев мырза Азия ынтымақтастық диалогы, Ислам конференциясы ұйымы, "Clinton Global Initiative", Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Бейбітшілік үшін дінаралық ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейлі Конференциясы шеңберіндегі министрлердің кездесулері мен келіссөздеріне қатысады деп жоспарланған. Министр Азия қоғамы мүшелерінің алдында сөз сөйлеп, АҚШ-тың сыртқы саясаты мәселелері жөніндегі Ұлттық комитетінің басшылығымен кездеседі деп күтілуде".

"Қазақстан өкілдерінің Нью-Йоркке сапары шеңберінде БҰҰ Бас ассамблеясының көші-қон жөніндегі жоғары деңгейлі жалпы отырысы өтеді. Онда ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Жазбек Ибдиев сөз сөйлейді" ,- деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны