26.02.2007, 18:34 2732

Қазақстан өкілдері Мадридте өтетін кіріс деңгейі орташа елдерді дамыту мәселесіне арналған бас қосуға қатысады

АСТАНА. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Мадридте 1-2-наурызда кіріс деңгейі орташа елдерді дамыту мәселесіне арналған бас қосу өтеді, оған ҚР СІМ-нің орынбасары Қайрат Ибдірахманов басқарған еліміздің өкілдері қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оның айтуынша, бас қосуды БҰҰ хатшылығының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті мен Испанияның сыртқы істер және ынтымақтастық жөніндегі министрлігі ұйымдастырады.

Бас қосу "кіріс деңгейі орташа елдер" ұғымына мейлінше айқын анықтама беру, халықаралық қоғамдастық тарапынан кіріс деңгейі орташа елдерге қолдау көрсету қажеттігін ақтайтын аргументтерді табу, кіріс деңгейі орташа елдермен ынтымақтастық саясатында түрлі агенттердің атқаратын ролін зерттеу, осы топтағы елдермен халықаралық ынтымақтастық саласындағы жұмыстардың мейлінше ықпалды құралдарын белгілеу мақсаттарын көздейді.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, бас қосу аясында "Кіріс деңгейі орташа елдерді халықаралық сауда-саттыққа тарту және олардың бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ететін артықшылықтар", "Кіріс деңгейі орташа елдердегі қаржылық тұрақтылық", "Илеуметтік бірлік және демократиялық басқару", "Кіріс деңгейі орташа елдермен халықаралық ынтымақтастық" секілді төрт тақырыпқа арналған сессиялар өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны