18.09.2006, 17:12 2744

Қазақстан өкілдері МАГАТЭ-нің 50-ші мерейтойлық сессиясына қатысады

АСТАНА. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today. 18-22 қыркүйекте Венада МАГАТЭ-нің 50-ші мерейтойлық сессиясы өтеді. Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рахат Илиев басқаратын делегация қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстан делегациясының басшысы өз сөзінде Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайту ісін жақтайтынын, жаһандық проблемалар мен жанжалдарды реттеуде халықаралық ұйымдардың рөлін арттыру жайына тоқталады", деді СІМ өкілі.

"МАГАТЭ мерейтойы құрметіне, сондай-ақ Семей сынақ алаңы жабылуының 15 жылдығына орай, Қазақстан Республикасы көрме өткізу үшін арнайы экспонаттар тапсырды. Олар еліміздің қару-жарақ таратпау мен ядролық сынақтардан бас тартуға қосқан үлесін паш етеді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны