10.12.2007, 19:11 3303

Қазақстан өкілдері ТМД Экономикалық кеңесінің 36-шы отырысына қатысады

Қазақстан өкілдері ТМД Экономикалық кеңесінің 36-шы отырысына қатысады

Астана. 10-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан өкілдері ТМД Экономикалық кеңесінің 14-желтоқсанда Мәскеуде өтетін 36-шы отырысына қатысады, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Іс-шара барысында ТМД аясындағы, соның ішінде ауылшарушалық, көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастықтарды одан әрі дамыту жөніндегі 20-ға жуық мәселе қаралады»,- деп нақтылап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, ТМД жарғылық органдарының іс-қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты мәселелер қарастырылып, Мемлекетаралық банктің жұмысы туралы берген есебі тыңдалатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны