12.05.2008, 19:19 2776

Қазақстан өңірдегі және ТМД аумағындағы маңызды серіктесіміз болып табылады - Польша вице-премьері

Қазақстан өңірдегі және ТМД аумағындағы маңызды серіктесіміз болып табылады - Польша вице-премьері

Варшава. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Орта Азия өңірі мен ТМД аумағындағы маңызды серіктесіміз болып табылады. Бұл туралы бүгін Польшаның вице-премьері әрі экономика министрі Вальдемар Павляк Қазақстанның Польшадағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Волковпен кездесуі барысында мәлімдеді. Бұл жайында "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Польшадағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, тараптар екіжақты экономикалық байланыстардың қарқынды дамуын атап көрсетті. 2007 жылы Қазақстан мен Польша елдері арасында жасалған тауар айналымы 884 млн долларды құраған. бұл 2006 жылмен салыстырғанда 38 пайызға артық болып табылады.

Сонымен бірге, кездесуге қатысушылар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық салаларынан елдер арасындағы бар әлеуетті барынша толығымен пайдалану бойынша ортақ көзқарас танытты. Осыған байланысты Польшадан Қазақстанға (жиһаз, косметика, машина, құрал-жабдық, дәрі-дәрмек) және Қазақстаннан Польшаға (түсті металл, химиялық тауарлар, минералдық шикізат, мұнай өнімдері мен газ) дәстүрлі өзара саудамен қатар болашағы бар салалар санатына құрылыс, құрылыс материалдарын бірлесіп шығару, көлік, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңделуі, мұнай химиясы кешені, дәрі-дәрмек өндірісі мен туризм жатқызылады.

"Варшава Қазақстанды Орта Азия өңірі мен ТМД елдері ішіндегі ең маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырады", - деп атап көрсетті В. Павляк.

Тараптардың пайымдауынша, екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды нығайту Қазақстан Республикасында тұратын поляк диаспорасын тарту арқылы Қазақстанда Польша кәсіпкерлері бизнестің жаңа бағыттарын ашуға ықпал етер еді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан дипломаты Польшаға ауыл шаруашылығы, құрылыс материалдарын өндіруден бастап туризм мен ақпараттық технологияға дейінгі салаларды қамтитын ынтымақтастықты орнату мүмкіндіктерін қарастыратын "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының (ИКК) ұсыныстар тізімін табыс етті.

Кездесу барысында сондай-ақ, мамырдың 30-31 аралығында Қарағанды қаласында өтетін "KARAGANDA-INVEST-2008" Екінші халықаралық инвестициялық форумына Польша жағының қатысуы жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны