13.10.2009, 18:41 3396

Қазақстан өңірлерінде 25 қазанда мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтеді

Қазақстан өңірлерінде 25 қазанда мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтеді

Астана. 13 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан өңірлерінде 25 қазанда мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтеді. Бұл туралы "Нұр Отан" ХДП ресми өкілі Оксана Петерс бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"25 қазанда республиканың 13 өңірінде барлық деңгейдегі мәслихаттардың шығып кеткендердің орнына депутаттарды сайлау өтеді. Толықтыра сайлау 55 сайлау округінде өтеді", - деді О. Петерс.

Оның айтуынша, "Орталық сайлау комиссиясы Ақтөбе, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы толықтыра сайлауды 2010 жылғы наурызға ауыстырған".

"Қазіргі жағдаймен депутаттыққа ат ұсыну аяқталды, ағымдағы жағдаймен барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттықтан үміткер ретінде 142 адам тіркелген. 142 кандидаттың 92-сі аудандық, 28 -і қалалық, 22-сі облыстық мәслихаттарға депутат болудан үміткер. Сайлау нәтижесі қазанның аяғына дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады", - деді О. Петерс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны