16.05.2007, 13:07 2936

Қазақстан оппозициясы президенттің конституциялық реформаларға қатысты ұсыныстарын оң бағалайды

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан оппозициясының өкілі - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясыынң жетекшісі Жармахан Тұяқбай президенттің конституциялық реформаларға қатысты ұсыныстарын оң бағалайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Жалпы алғанда президент ұсынған Конституцияны өзгертуге жасалған алғашқы қадамдар сенім ұялатады: билік сол арқылы күрделі саяси реформаларды жүзеге асыруға шындап ниет етті",- деп мәлімдеді Ж.Тұяқбай "Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша журналистерге берген түсініктемесінде.

"Бүгін жария етілген қадамдар - демократиялық реформалардың басы. Бұдан кейін елімізде нағыз, толыққанды демократиялық басқаруды, биліктің халық бақылауында болуы мен нақты адамның құқығы мен бостандықтарын тиісінше қамтамасыз етуге жол ашатын басқа да қадамдар жасалмақ",- деді партия жетекшісі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны