22.05.2007, 10:56 2748

Қазақстан Орта Азия мемлекеттері арасында өзара ықпалдастықты кеңейту және тереңдету идеясын қолдайды - ҚР сыртқы істер министрі

АЛМАТЫ. 22 - мамыр. Kazakhstan Today. "Қазақстан Орта Азия мемлекеттері арасында өзара ықпалдастықты кеңейту және тереңдету идеясын қолдайды". Бұл туралы кеше Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхит елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) 63-ші сессиясы аясындағы министрлер кездесуі барысында комиссия төрағасы, Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Марат Тәжин мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз аймақтық ынтымақтастық процесіне енудің бұдан өзге жолының жоқтығына көзіміз жетіп отыр", - деді сыртқы істер министрі. Сонымен бірге, Марат Тәжиннің айтуынша, ұлттық экономикаларды дамыту, жұмыс орындарын құру, сондай-ақ, құрылымдық және институционалдық реформаларды жүргізу қазіргі мәселелерді шешудің жалғыз сенімді жолы болып табылады.

"Біз, сонымен қатар, мемлекет пен қоғамда тұрақтылық және ұлттық саяси және экономикалық институттардың сыртқы және ішкі күйзелістерге төзімділігі болмайынша бұл мәселелерді шешу мүмкін емес екеніне сенімдіміз", - деп атап өтті сыртқы істер министрі.

"Кең ауқымды Еуразия құрлығының ортасында орналасқан Орта Азия елдері өздерінің табиғи ресурстарымен және маманды һәм білімді халқымен танымал", - деді Марат Тәжин.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Марат Тәжин "соңғы жылдары тұрақсыздық ордасы, әрқилы әлеуметтік, экологиялық және басқа да мәселелердің қайнар көзіне айналған өзгеше Орталық Азияның алдыңғы орынға шығып бара жатқандығын айтуға тура келетінін" өкінішпен жеткізді.

"Бұл мәселелелерді тек бірлесе отырып, ішкі және аса маңызды сыртқы ресурстарды жұмылдыра отырып шешу қажет", - деді сыртқы істер министрі. Осыған байланысты, "ЭСКАТО-ның 63-ші сессиясын Алматыда өткізуге тілек білдіре отырып, біздің еліміз Орта Азияға және аймақ елдері өздерінің даму жолында кездестіріп отырған қиыншылықтарға халықаралық қауымдастықтың назарын аударуды өздеріне мақсат етіп қойды", - деді Марат Тәжин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны