04.12.2008, 16:08 2956

Қазақстан өз мұнайын қажетсінетін елдердің бәріне ұсынуға дайын - мәжіліс спикері

Қазақстан өз мұнайын қажетсінетін елдердің бәріне ұсынуға дайын - мәжіліс спикері

Астана. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан өз мұнайын қажетсінетін елдердің бәріне ұсынуға дайын. Бұл туралы Венгрияда екі күндік жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан парламенті мәжілісінің спикері Орал Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін агенттігінің тілшісі Венгрия БАҚ-тарына сілтеме жасап.

"Қазақстан өз мұнайын қажетсінетін елдердің бәріне ұсынуға дайын. Бізге қашан және қандай көлемде мұнай жеткізу қажеттігі жөніндегі өтінішін берсе жетеді", - деп MTI агенттігі О.Мұхамеджановтың сөздәйегін келтіреді.

Осыған байланысты ол 2015 жылы Қазақстанда 150 млн тонна шикі мұнай мен 70 млрд текше метр табиғи газ өндіру жоспарланып отырғанын еске салды.

"Өзінің Қазақстандық әріптесімен кездесу барысында Венгрия парламентінің жетекшісі Каталин Сили өз елінің Қазақстан газын Nabucco газ құбыры арқылы алу ниетін білдірді", -деп хабарлайды MTI.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны