30.11.2012, 17:08 6393

Қазақстан Өзбекстанды Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырады

Қазақстан өзінің көршісі - Өзбекстанды 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысуға шақыруда.

Ташкент. 30-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Өзбекстанды Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан өзінің көршісі - Өзбекстанды 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысуға шақыруда.

Бұл туралы Ташкентте ҚР мен ӨР арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссияның ХІІ отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев хабардар етті.

"Өз тарапымнан Қазақстан Республикасының посткеңестік кеңістіктегі ең жақсы дамып жатқан елдердің бірі болып табылатынын атап өткім келеді. Біздің елімізді сипаттайтын макроэкономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық, экономиканың өсуі біздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктеріміздің айқын көрінісі. Бұған тамаша мысал ретінде жақында ЭКСПО-2017 көрмесінің астанасы атанған елордамыз Астана қаласын келтіруге болады", - деп атап өтті вице-премьер.

"Өзбек достарымызды бұл жобаға қатысуға шақырамыз, оған қоса, онда біз баламалы энергетика, "жасыл" экономика, ғаламдық экономиканың жалпы алғанда дамуының жаңа кезеңдері мәселелерін талқылайтын боламыз", - деп қосып өтті Қ.Көшербаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны