13.07.2009, 17:11 2966

Қазақстан өзінің Грузиядағы инвестициялық жобаларынан бас тартып отырған жоқ - ҚР СІМ

Қазақстан өзінің Грузиядағы инвестициялық жобаларынан бас тартып отырған жоқ - ҚР СІМ

Астана. 13 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан өзінің Грузиядағы инвестициялық жобаларынан бас тартып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Бір өкініштісі, бүгінгі күні Грузияда инвестициялық жобаларды салу мерзімі кешеуілдеу жайты бар, алайда бұл Грузия үшін бірегей құбылыс болып табылмайтынын атап өткізіміз келеді", - деді Е. Ашықбаев.

Оның пікірінше, инвестициялардың кешеуілдеуі әлемдік қаржы дағдарысының кері себептеріне байланысты. "Қазақстанның инвесторлары аталған жобаларға қатысты грузин өкіметімен тиісті келіссөздер жүргізуде", - деді ресми өкіл. Оның айтуынша, "бұл жерде аталған жобалардан мүлдем бас тарту туралы сөз қозғалып отырған жоқ, мәселе тек оларды жүзеге асыру мерзімін уақытша кейінге шегере тұру жайлы болып отыр".

"Ал жалпы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастыққа келсек, Қазақстан бұрынғыдай Грузия экономикасында ірі инвестор қалпында қалып отыр", - деді ҚР СІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны