11.09.2012, 16:48 3393

Қазақстан Палестинаны қолдауға бағытталған халықаралық гуманитарлық акцияларды қолдайды

Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов бүгін палестиналық әріптесі Рияд аль-Маликимен кездесті.

Астана. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Палестинаны қолдауға бағытталған халықаралық гуманитарлық акцияларды қолдайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов бүгін палестиналық әріптесі Рияд аль-Маликимен кездесті.

Астанада өтетінАзиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары Кеңесініңсессиясы қарсаңында өткен кездесуде халықаралық саясат, экономика және қауіпсіздік мәселелері төңірегінде әңгіме қозғалды. Сонымен қатар аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары Кеңесінің әлеуетін қолдану мен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы шеңберінде тараптардың өзара ықпалдастығын арттыру салаларындағы қазақстан-палестиндік ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

Министр Е.Қазыханов Қазақстан 1967 жылғы шекара бойынша тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды және халықаралық қауымдастықтың Палестинаны қолдауға бағытталған гуманитарлық акцияларын қолдайтынын атап өтті.

Палестина Сыртқы істер министрі Рияд аль-Малики Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саяси бастамаларына және екі ел арасындағы қазіргі қарым-қатынастар деңгейіне жоғары баға берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны