11.06.2009, 10:18 1217

Қазақстан премьер- министрі Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті

Қазақстан премьер- министрі Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Минскіде кеше Қазақстан Республикасының премьер- министрі Кәрім Мәсімов Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында сауда-экономика саласындағы екі жақты қарым - қатынастарды дамыту жайы талқыланды.

Премьер-министр Мәскеуде өткен Қазақстан, Беларусь және Ресей арасындағы біртұтас кедендік кеңістік құруға қатысты қабылданған шешімдер жөнінде А.Лукошенконы хабардар етті.

Өз кезегінде Беларусь президенті "біртұтас кедендік кеңістік құрылса, бұл әлем елдерін шарпыған дағдарыстан шығудың жақсы бастауы болатынын" атап өтті. Сонымен бірге, ол "мемлекеттер келісімдердің барлығын мүлтіксіз орындаған жағдайда ғана кедендік одақты құруға мүмкіндік туатынына" тоқталды.

Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара ынтымақтастықтың жай-күйін талқылай келе, А.Лукашенко: "Қазақстан - біз үшін болашағы зор ел. Біз қазақ бауырларымызға оңтайлы және екі елге де тиімді жағдайда бірлескен кәсіпорындарды дамыта аламыз",- деді.

А.Лукашенконың пікірінше, екі жақты қарым-қатынастың қазіргі әлеуеті толық деңгейінде жүзеге асуда. Сондықтан, Беларусьтің Қазақстандағы елшілігінің кадрлық құрамы күшейтілетінін және Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтудың қажетті шаралары қолға алынатынын атап өтті.

Беларусь президенті Қазақстан премьер-министрінің Минскіге сапары екі елдің арасындағы өзара қарым- қатынастарды дамытуға серпін беретініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны