30.06.2009, 17:18 7351

Қазақстан премьер-министрі елімізде мемлекеттік сапармен жүрген Израиль президентімен кездесті

Қазақстан премьер-министрі елімізде мемлекеттік сапармен жүрген Израиль президентімен кездесті

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанда мемлекеттік сапармен жүрген Израиль президенті Шимон Переспен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөз барысында Қазақстан мен Израиль арасындағы экономикалық, инновациялық және мәдени - гуманитарлық қарым- қатынасты әрі қарай тереңдету, сондай-ақ, сауда саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-израиль үкіметаралық комиссиясының жұмысын белсенді жүргізу мәселелері талқыланды.

Тараптар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, сондай-ақ, ақпараттық технологиялар салаларында іскерлік байланыстарды кеңейтуге мүдделілік білдірді.

Кездесуден кейін Кәрім Мәсімов пен Шимон Перес қазақстан-израиль бизнес форумына қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны