24.12.2012, 09:51 7517

Қазақстан премьер-министрі Өзбекстанның президентімен кездесті

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылап, екіжақты қарым-қатынасты бекіте түсу перспективасы туралы пікір алмасты.

Астана. 24-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметов Өзбекстанның Президенті Ислам Каримовпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылап, екіжақты қарым-қатынасты бекіте түсу перспективасы туралы пікір алмасты.

"Біз Өзбекстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға зор мән береміз. Осыған байланысты Сіздерге біздің мемлекетіміздің Президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтың сәлемін жеткіземін. Біз Сіздің ағымдағы жылдың қыркүйек айында Астанаға жасаған ресми сапарыңыздың қорытындысын жоғары бағалаймыз. Қазақстан Үкіметі екі ел Президенттерінің қол жеткізген келісімдерін іске асыруға кірісіп кетті", -деді С. Ахметов.

Біздің елмен тарихи қалыптасқан байланыстарды атай отырып, И. Кәрімов "Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынас ерекше маңызға ие". "Бәрінен бұрын Нұрсұлтан Ибішұлымен арамызда сенімді және достық қатынас қалыптасты", -деді Өзбекстан Президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны